Алматыға кіріп-шығуға ешқандай арнайы рұқсат қағаздар берілмейді

18 наурыз, 21:11

Фото: ғаламтордан

Қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов брифингте жекелеген адамдардың Алматыға кіріп-шығуына рұқсат беретін ешқандай арнайы құжаттар болмайтынын айтты. 

Алматы, NEGE. «Ешқандай пропуск дегендер болмайды. Комиссия тек айрықша жағдайларда ғана көлікті қалаға кіргізу мәселесін қарастырады», - деді ол.

Айрықша жағдайға қала тіршілігінің қамтамасыз етілуіне қажеті адамдар ғана жатады.

Қала жабық болуы тиіс. Басты міндет – вирусты жеңу, - деді Қожағапанов.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации