Алматыдағы науқастар жайында айтып берді

07 сәуір, 12:19

Фото: ғаламтордан алынды

7 сәуір күні Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 119 жағдайы тіркелді.

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарларында Covid-19-дан емделуде 99 пациент бар, оның ішінде төртеуі бала.
Осы уақытқа дейін коронавирустық инфекцияны жұқтырудың үш жаңа жағдайы анықталды, олардың барлығы байланыста болып жұқтырғандар. Бұл 1975 жылы туылған ер адам және 1962 және 1964 жылы туылған екі әйел.
Ер адамның жай-күйі орташа ауыр деп бағалануда, тексеріп-қарау  кезінде пневмония, әйелдердің жай-күйі –қанағаттанарлық, ауру ағымының жеңіл түрі анықталды. Олармен байланыста болған барлық адамдар карантинге орналастырылған.
Бүгінгі күні емдеуден шығарылған пациенттер жоқ. Мегаполисте емделіп жазылғандардың саны барлығы – 21.
 80 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық, 2 ересек адамның жай-күйі өте ауыр, 4 пациентте – ауыр, 13 ересек адамның жай-күйі орта ауырлық деңгейінде, оның ішінде облыс тұрғыны бар. Провизорлық орталықтарда 318 адам бар, оның ішінде 35-і бала.
Тек кеше ғана провизорлық орталықтардан  203 адам емдеуден шығарылған, оның ішінде 44-і бала. Олардың барлығы 14 күндік карантинде болған, теріс нәтижелермен жазылып, ауруханадан шығарылды.
 Карантиндік оқшаулауда 385 азамат бар, оның ішінде 39-ы бала, үй карантинінде – 5144 адам.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации