Алматыда төрт күн су болмайтыны рас па?

02 сәуір, 14:56

Фото: 2gis.kz

"Алматыда тұратындарға жіберіңіздер. Су алып қойсын. Дезинфекция жұмыстарын жүргізу үшін төрт күн қалада су болмайды", - делінген хабарламада. WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілерде "Алматы су" мекемесінің қалада төрт күн бойы су болмайтыны туралы хабарламаcы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE."Қыздар, Алматыда тұратындарға жіберіңіздер. Су алып қойсын. Дезинфекция жұмыстарын жүргізу үшін төрт күн қалада су болмайды", - делінген хабарламада. "Алматы су" мекемесі бұл хабарламаның жалған екенін айтқан.

"Алматы әрдайым сумен қамтамасыз етіліп отырады. WhatsApp-та қалада төрт күн су болмайтыны туралы тарап жатқан хабарлама шындыққа жанаспайды. Суды өшіру жоспарда жоқ", - деді мекеменің баспасөз қызметіндегілер.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации