Алматыда тағы 10 айналма жол жабылды

28 наурыз, 18:07

Фото: polisia.kz.

Алматы қаласының периметрі бойынша тағы 10 айналма жол жабылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE.  Бақылау-өткізу пунктінің жазбасына сәйкес бір күнде қалаға 3 мың 416 автокөлік кірді, оның ішінде 3 мың 130 адам болды. Қаладан бір күнде 3 мың 894 көлік шықты, оның ішінде 3 мың 043 адам болды.

"Арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476 бабы бойынша 132 әкімшілік материал қаралды, оның ішінде 74 адам әкімшілік қамауға алынды, қалғандарына айыппұл салынды. Сондай-ақ, жедел қызмет және жол-патрульдік полиция күштерімен қаладан кіру / шығу үшін айналма жолдарды белгілеу мақсатында Алматы облысымен шекаралас аймақтарды айналып өтті. Сонымен, тексеріс барысында 40 айналма жол анықталып, арнайы бетонды блоктар орнатылды және Ұлттық әскери қызметкерлердің қатарынан нарядтар қойылып, жолдар бұғатталды: Алатау ауданында – 18, Жетісу ауданында – 9, Медеу ауданында – 6, Наурызбай ауданында – 4 және Түрксіб ауданында – 3”, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации