Алматыда шағын несие ұйымдарын тонаған адам ұсталды

14 ақпан, 12:01

Фото: dpchas.com.ua

25 жастағы жігітке 6 қылмыстық іс бойынша айып тағылып отыр. Ол соңғы оқиғада пышақпен қаруланып, қомақты қаржы алып кеткен.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

«Таңертең ол шағын несие беретін ұйымның кеңсесіне барып, кассирден басқа ешкім жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін, пышақпен қорқыту арқылы 125 мың 500 теңге ақшаны алып кеткен. Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті ұсталды. Оның жеке басы туралы дерек анықталды. Қазір ол қамауда отыр», - деді Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин.

Тергеу кезінде күдіктінің басқа да шағын несие ұйымдарына шабуыл жасағаны анықталған.  Оның үшеуі Бостандық ауданында, екеуі Түрксіб ауданында орын алған.

Қазір өзге де қылмыстарға бар-жоғы тексерілуде.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации