Алматыда оқушы мектеп ауласында асылулы күйінде табылды

10 наурыз, 11:51

Фото: ғаламтордан алынды

Оның итімен серуендеп қайтпақшы болғаны белгілі болды.

Алматы, NEGE. 16 жастағы жасөсіпірім асылулы күйінде 6 наурыз күні таңертең «Орбита–3» ықшамауданындағы №45 мектептің жанындағы спорт алаңынан табылды. 

Алматы қалалық ПД хабарлауынша, бұл факті ҚР ҚК-нің 105–бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне тіркелді.

«Қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция басқармасы жүргізеді. Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қарау кезінде 2003 жылы туған З. денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ»,– деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации