Алматыда оқушы бала жоғалды
21 ақпан, 12:00

Алматыда оқушы бала жоғалып кетті. Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов жазды.
Алматы, NEGE. Оның ақпаратына сәйкес, 2005 жылы туған Шерхан Күнту үйден 20 ақпанда шамамен 14:30-да шыққан.
«Арық, бойы 1,5 метр, шашы қара, қысқа. Қара күртеше, қара бас киім, джинсы, көк кроссовка киген. Қолында қара түсті сөмкесі болған. Іздеуге көмек сұраймын», - деп жазған Қиқымов.
Полицейлер мен еріктілер оны іздестіріп жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, бала эпилепсиямен ауырады.