Алматыға күн сайын 80 мың маска жеткізіледі

13 наурыз, 19:33

Фото: ғаламтордан

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев қалада медициналық маска жетіспеушілігі мәселесі туралы айтты. 

Алматы, NEGE. "Алматыда маска жетіспеушілік мәселесі шешіліп жатыр. Бүгін қалаға 60-80 мың маска әкелінді. Ертең демалыс күні шамамен 140 мың маска жеткізіледі деп күтілуде. Ал дүйсенбіден «Дольче-фарм» ЖШС күнделікті 80 мың дана маска жеткізіп беретін болды. Өндірушілер бұған дейін материалды Қытайдан алып келсе, қазір Ресейден әкелуде. Сондай-ақ, мемлекет бюджеті арқылы медицина қызметкерлері, полицейлер, шекара қызметі мамандары маскамен қамтамасыз етіледі" деді Сапарбек Тұяқбаев.  

Сонымен қатар, 500 млн теңге қаржыға, қоғамдық орындар мен медициналық мекемелер дезинфекцияланады", - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации