Алматыда коронавирустан қайтыс болғандарды жерлейтін орын дайындалды

30 наурыз, 18:02

Фото: ғаламтордан алынды

Алматыда COVID-19 құрбандары үшін арнайы полигон анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматы, NEGE. Айзат Молдақасымованың айтуынша, жедел штаб жерлеу алгоритмін әзірлеген.

«Алматыда қаза тапқандар жоқ, бірақ шаралар қарастырылған. Арнайы алгоритмге сәйкес жерленеді. Мәйіт дереу дезинфекцияланады. Белгілі бір қорғаныс құралдарында сақталады. Жерлеуге қатысатын адамдардың саны шектеулі болмақ», - дейді Айзат Молдақасымова.

Оның айтуынша, полигон қаладан тыс жерде орналасқан, маңында елді мекендер жоқ, сәйкесінше барлық қажетті қауіпсіздік шараларымен қаладан оқшауланған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации