Алматыда коронавирустан 79 адам емделуде

3 сәуір күні таңертең Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 91 жағдайы тіркелді.
Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 79 пациент емделуде. Олардың бірі Алматы облысының тұрғыны. 66 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі – ауыр, 11 ересек адамның жай-күйі – орташа ауырлық деңгейінде (олардың біреуі облыстан). Жаңадан анықталған жағдай байланыста болған қатарынан.
Бүгінгі күні инфекциялық стационардан коронавирустық инфекциядан сауығып, тағы екі пациент ауруханадан шығарылды. Бұл екі әйел, біреуі 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен, екіншісі 22 наурызда Египеттен ұшып келген. Жалпы, сауығып ауруханадан шығарылғандар саны – 13 адам, оның ішінде екеуі бала. Провизорлық орталықтарда бүгінде 613 адам карантинде жатыр, оның ішінде 79-ы бала. Екі күндік карантинде 446 азамат, үй карантинінде – 4411 адам.