Алматыда коронавирусқа қарсы қорғану шаралары күшейтілді

05 наурыз, 13:15

Фото: forbes.kz

                Алматы қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменті мониторинг жүргізу арқылы қоғамдық                     орындарда дезинфекциялық заттардың міндетті түрде болуын жіті қадағалауда.

                  Алматы. NEGE. «Дезинфекциялық заттардың адамдар көп жиналатын орындарда болуы вирустың, оның ішінде коронавирустың алдын алу болып табылады. Айта            кетерлігі, Департамент барлық мекемелерге, барлық органдарға санитайзерлер орнату, желдету режимін сақтау туралы хаттар жіберген болатын. Өздеріңіз білесіздер, жеке       гигиенаны сақтамау вирустың енуіне себепкер болады», — деп атап өтті Ә. Қалықова.

Департамент басшысының орынбасары бүгінгі күні адамдар көп жиналатын сауда орталықтарына, метроға, супермаркеттерге санитайзерлердің орнатылғанын айтты. Мұндай жұмыстар мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен мектептерде де жүруде. Ұйымдар дезинфекциялау заттарымен өздерін қамтамасыз етуде.

Еске салсақ, коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі Алматының Өңірлік штабы мегаполисте коронавирустың болуы мен тарауына жол бермеу және азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақтылы пәрменді шараларды жүзеге асыруда.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации