Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір науқас тіркелді

22 наурыз, 14:03

Фото: Esquire.kz

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

Алматы, NEGE. 1992 жылы туған бойжеткен 15 наурызда Стамбулдан Алматыға ұшып келген науқаспен тыңыз қарым-қатынаста болған. Қазір ол карантинге стационарға жатқызылған. Дәрігерлер оның жағдайын бірқалыпты деп бағалауда. 

Осылайша Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 57-ге жетті. Нұр-Сұлтан қаласында - 31 науқас, Алматыда - 23, Қарағандыда - 2, Алматы облысында - 1 науқас тіркелген. 

Бұған дейін дәрігерлер Нұр-Сұлтан қаласындағы бір науқастың ауыр халде жатқанын айтқан еді. Астанада бүгін анықталған екі науқастың бірі - шетелдік дипломат. Ол Нұр-Сұлтанға түнде Лондоннан ұшып келген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации