Алматыда қоғамдық көлік қалыпты кестемен жүре бастады

30 қыркүйек, 09:49

Фото: 24 kz

  Бүгіннен бастап Алматыда қоғамдық көліктер қалыпты кестемен жүре бастады.

Алматы, NEGE. Яғни автобустар мен троллейбустар және метрополитен жұмысы таңғы 06:00-ден басталып, кешкі 23:00-де аяқталады. Қазір қоғамдық көліктермен қатынайтын жолаушылардың саны  күннен күнге артып келеді. Өйткені қалада карантин талаптары  кезең-кезеңімен жеңілдетілген.  Әсел Манатқызы, қалалық мобилділік басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің бас маманы: - Осы қоғамдық көліктің қайтадан жұмыс уақыты бұрынғы қалпына келу себебі Алматы қаласының жолаушыларының сұранысы бойынша қайтадан жандандырылды 23:00-ге дейін. Кеізнде карантин кезінде сағат 22:00-ге дейін қысқартылған болатын. Сол бүгін 29 қыркүйектен бастап қоғамдық көліктіңжұмысы 23:00-ге дейін ұзартылды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации