Алматыда кардиологиялық орталықтың жанындағы ғимарат өртеніп жатыр

15 тамыз, 16:00

Фото: ғаламтордан

Алматыда кардиологиялық орталықтың жанындағы ғимарат өртеніп жатыр.

Алматы, NEGE.  «Төтенше жағдайлар департаментінің 42 қызметкері мен 14 техника Алмалы ауданы Төле би көшесіндегі 98-үйдегі шақырту бойынша өртті сөндіріп жатыр. Қазіргі мәлімет бойынша жеке тұрған ғимараттың шатыры отқа оранған. Өрт гидранттары жіберіліп, гидранттарға автоцистерна орнатылды», – деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Газ түтіннен қорғау қызметі ғимарат ішінде адамның бар жоғын анықтау үшін барлау жүргізуде 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации