Алматыда қанша жер телімі заңдастырылды?

19 ақпан, 13:17

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

Halyk Arena көпсалалы кешенінде өтіп жатқан қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есептік кездесуінде мегаполис тұрғындары жер учаскелері мен жеке тұрғын үйлерді заңдастыру мәселесін көтерді. 

Алматы, NEGE. «Бүгінде 700-ден астам жер телімі заңдастырылды», – деді әкім. Қалған 200 учаскі су қорғау аймағында немесе қызыл сызықта орналасқан. Осыған байланысты Б.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік мүдделі мемлекеттік органдармен қажетті заңнамалық өзгерістер енгізу бойынша жұмыс қолға алынған.  

«Сонымен қатар, қалада 2192 жеке тұрғын үй заңдастырылды. Ең көп үй Алатау ауданында заңдастырылды. Оған 979 меншік иесі өтініш білдірді.  Мәселені шешу үшін қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы кейбір ықшамаудандардағы қызыл сызықтарға түзету жүргізді. Бұл олардың үй құрылысын заңдастыруға мүмкіндік берді», – деді әкім.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации