Алматыда дезинфекциялау жұмыстары қалай жүріп жатыр? (фоторепортаж)

26 наурыз, 12:02

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

Алматы қаласында карантин жарияланғаннан күннен бастап қала әкімшілігі қала көшелері мен мекемелерді, қоғамдық көліктерді дезинфекциялауды бастады. Nege.kz тілшісі карантиндегі Алматыны тағы бір аралап шықты.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жұмыстарға жуатын 90, тротуар жинайтын 54 көлік пен 962 жұмысшы жұмылдырылды. 

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымованың айтуынша, дезинфекция жұмыстарындағы химиялық қоспа жерге немесе еденге тигеннен кейін тыныс алу органдарына әсер етпейді.

Қаладағы базарларға адам көп келіп-кететіндіктен, базар іші арнайы дезинфекцияланып, тыңғылықты тазалануда. 

"Күніне әрбір 45 минут сайын дезинфекциялап жатырмыз. Барлығы әкімшіліктің талаптары бойынша жүргізілуде", - деп жауап берді "Көк базардың" маркетолог маманы Дидар Құлмамыр.

Қоғамдық көліктердің іші де толығымен тазаланып, дезинфекцияланды. Сонымен бірге қосымша 112 адам қоқыс жәшігін, орындық пен аялдаманы дезинфекциялаумен айналысып жатыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации