Алматыда 6,5 мың кәсіпкерлік нысан тексерілді

12 қаңтар, 15:44

Фото: inbusiness.kz

Алматыда 6,5 мың кәсіпкерлік нысан тексерілді. Мегаполисте санитарлық-эпидемиялық шаралардың сақталуын бақылау аясында 32 мониторингтік топ жұмыс істеуде. Олар 2020 жылғы 8 қазаннан бастап 2021 жылғы 10 қаңтар аралығында 802 тексеріс жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Алматы, NEGE. «Мониторингтер барысында 6720 нысан қамтылды, оның ішінде 1163-і бойынша (17,3%) карантин талаптарын бұзу фактілері анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 107,7 млн теңгеге ҚР ӘҚБтК – нің 425-бабының 1-бөлігі, яғни шектеу шараларын сақтамағаны үшін 1008 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Заңды тұлғаларға-77,4 млн теңге сомасына 281, жеке тұлғалардың бетперде режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 30 млн теңге сомасында 727 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды», – деп хабарлады әкімдік. Биылғы жылдың 4-10 қаңтар аралығында 72 тексеру жүргізіліп, ол 524 нысанды қамтыды, 16 (3%) нысанда карантин ережелерін бұзу фактілері анықталды. Жұмыс нәтижелері бойынша тексеру жүргізуге кедергі келтіру бойынша 462-баптың 1-тармағы бойынша 18 материал сотқа берілді Бүгінде Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 19 747 жағдайы тіркелді, 18 037 адам сауығып, 398 адам қайтыс болды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации