Алматыда 500 орындық жаңа аурухана салынды

26 қыркүйек, 19:13

Фото: ғаламтордан

 Алматыда 500 орындық жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынды.

Алматы, NEGE. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев оны Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Коронавируспен күресуге арналған жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының негізінде салынған. Сондай-ақ аурухананың жалпы ауданы төрт гектар, ал ғимараттың өзі 28,6 мың шаршы метрді екені белгілі. Ауруханада сегіз медициналық бокс және екі қарқынды терапия палатасы бар.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации