Алматыда 3 жарым айға жететін азық қоры бар

13 наурыз, 23:55

Фото: Nege.kz

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мегаполисті азық-түлікпен қамтамасыз ету шаралары туралы айтып берді.  

Алматы,  NEGE.  "Алматы қаласына айына 72 мың тонна азық-түлік қажет. Қазір 18 мың тонна азық-түлік бар. Тауық еті, май, қант, күріш, қарақұмық, тағы басқа. Алдағы 3 жарым айда қаланы толығымен қамтамасыз ететін қор бар. Ол жеке кәсіпкерлермен тиісті келісім шарт аясында жасалды. Бұл өнімнің бәрі Magnum және Small сауда желісі арқылы жүзеге асты. Әлеуметтік желіде сауда орындарында азық-түлік тапшылығы туралы айтылды. Халық сақтанып, өздері көптеп сатып алуда. Бірақ олардың қоймаларында қор жеткілікті" деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации