Алматыда 3 401 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

25 ақпан, 17:36

Фото: region-press.kz

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы алаңында атаулы әлеуметтік көмек көрсету барысы туралы брифинг өтті.

 Алматы. NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 02.09.2019 жылғы «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында АӘК төлеу тетігін түзетуді тапсырған. Әлеуметтік көмектің жаңа форматы әділ, ашық болуымен қатар, еңбекке ынталандыруы тиіс. Негізгі қағидат - мемлекет шын мәнінде мұқтаж адамдарға көмектесетін болады.
5 қаңтардан бастап АӘК-ті жаңа формат бойынша төлеу үшін құжаттар қабылдануда. Бүгінгі күні АӘК-ті рәсімдеу жөнінде 10 500 аса адам кеңес алды, 4 256 өтініш қабылданды, 3401 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, 313 құжат учаскелік комиссияның қарауында. 2 533 отбасына АӘК төленді.
Өтініштерді қабылдау аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімдерінде, Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және Алатау ауданының "Бақытты отбасы" орталығында жүзеге асырылады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации