Алматыда 200-ге жуық адамды әскери жиынға шақырмақ

06 сәуір, 19:21

Фото: Кaztag.kz

Алматыда 200-ге жуық адамды әскери жиынға шақыру жоспарлануда, деді қаланың қорғаныс ісі департаментінің бастығы Амантай Өсербаев. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Алматы, NEGE. «Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша 200-ге жуық адамды әскери жиынға шақыру жоспарлануда. Мерзімі – бір ай. Қазір Алматы әкімінің қаулысы дайындалуда, сол кезде шақырылатындар мен оның мерзімі белгілі болады», - деді Өсербаев дүйсенбідегі брифингте.
2 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойған болатын, жарлықта әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру көзделген.
Кейін ҚР бас штабы бастығының орынбасары Руслан Шпекбаев әскери міндетті қазақстандықтар медициналық қызметке, су тасқынымен күреске және ҚР азаматтарының денсаулығын тиімді қорғауға қажетті дезинфекция жүрізуге және төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге тартылатынын түсіндірді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации