Алматыда 10 мыңнан астам адам COVID-19 індетіне тексерілді

03 сәуір, 18:08

Фото: Rtvbn.com



Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Мегаполисте 10 мыңнан астам адам қауіпті індетке тексерілді. Соның ішінде 93 жағдай расталды», — деп атап өтті спикер.

Ауырғандардың басым бөлігі мына рейстермен ұшып келген. Атап айтқанда, Мәскеу — 33%, Ыстамбұл — 25%, Берлин — 16%, Санкт-Петербург —13%, Минск — 13%.

«Жас шамасына қарай алатын болсақ, індет жұқтырғандардың көбі 20-29 жастағылар. Екінші орында 30-39 жас және үшінші, төртінші орында 40-49 жас және тиісінше 50-59 жас та бар. 60 жастан асқан, яғни осал топтағылардың арасында 7 жағдай тіркелді», — деді А. Молдағасымова.

Брифингті қорытындылаған қаланың Бас санитарлық дәрігері мегаполисте тестілер, реагенттер, барлық қажетті аппараттар мен тексеру жүргізетін құралдар жеткілікті мөлшерде екенін айтты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации