Алматы ЖЭО-ны газға ауыстырмақ 

19 ақпан, 14:13

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгінгі есептік кездесуінде мегополистегі экологиялық жағдайды жақсарту туралы сұрақтарға жауап берді.  

Алматы, NEGE. Қала әкімі қызметке кіріскен күннің ертесінде ЖЭО-2-ні аралағанын айтып, оны газға ауыстыру мүмкіндігін қарастырғанын жеткізді.

«Самұрық-Қазына» және «Самұрық-Энергомен» келіссөздер басталды. Бұл мәселе бақылауға алынды. Қараша айында байқау өткізіліп, мердігер ұйым анықталды. Ағымдағы жылдың наурыз-сәуірінде алдын ала анықтамалар ұсынылатын болады», – деді. 

«Егер қажет болса, тұрғындар бюджетке қатысты үлкен жүктемені сезінбеу үшін бюджет бұл салаға да беріледі. Адамдардың денсаулығы маңызды. Қаланың ауасын ненің көп ластап жатқаны маңызды емес. Аталған мәселені шешу бойынша кешенді шаралар қолданылуда. Біз осылай қосымша қаржыландыруға қол жеткіздік және ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жұмысына кірісіп кеттік. Қазір техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Оны тұрғындармен талқылаймыз және бірігіп шешім шығаратын боламыз», – деді әкім. 

Оған қоса Б. Сағынтаев жеке секторды көмірден газға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл үшін қалалықтарға қолдау шаралары көрсетілуде. Сондай-ақ, көліктік салада да жұмыс қолға алынған.  

«Газбен жүретін автобус немесе электрлі автобусты сатып алудың артықшылығын көреміз. Өткен жылы 10 электірлі автобусты іске қостық. Әрине, оларға көбірек субсидия бөлінеді. Бірақ қалалықтардың денсаулығы маңыздырақ», – деп атап өтті қала әкімі.  

«Біз қала тұрғындарына қаланың экологиясына немқұрайлы қарамайтынына және оны жақсы жаққа өзгертуге тырысатынына ризамыз. Қала кәсіпкерлері тәуелсіз экологиялық қор құрды. Ол экология мәселелерін талқылайтын алаңға айналады. Бұл жұмыстардың барлығы қатар жүргізіліп жатыр, кезең-кезеңімен шешімдер қабылдануда және жақын арада біз жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз», – деді әкім.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации