Алматы: тұрақты тұрағы жоқ 152 тұрғын бар

26 наурыз, 23:15

Фото:

Бүгінде Алматыдағы Әлеуметтік бейімдеу орталығын тұрақты тұрағы жоқ 152 тұрғын паналайды. Орталықтың жұмысы штаттық режимде жалғасуда. 

АлматыӘлеуметтік әл-ауқат басқармасының мәліметінше, аталған мекеме әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-медициналық қызметтерді толық көлемде әрі үздіксіз көрсетіп келеді. Енгізілген карантинге байланысты қызмет алушылардың орталық аумағынан шығуына шектеу қойылды. 

Бүгінде тұрағы жоқ азаматтардан өтініш түспеген. Десе де, барлық жағдай бақылауда. Тұрақты тұрағы жоқ азаматтар үшін Көксай кентінде арнайы ғимарат бөлінді. Белгілі тұрағы жоқ азаматтар бұл жерді карантин біткенге дейін паналай алады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации