Алматы: тағы екі адамнан коронавирус анықталды
18 наурыз, 08:55
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Алматы қаласында тіркелді.
Алматы, NEGE. Осы сағатта Алматы қаласында - 17 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 35 науқас тіркелді", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында.
Еске салайық, кеше Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды. Мұндай шешімді Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады.