Алматы облысындағы дәмхананың клиенттері тоналды

07 шілде, 18:33

Фото: ғаламтордан

Алматы облысындағы дәмхананың клиенттері тоналды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Aлматы, NEGE. Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылының полициясына бір уақытта екі әйел арызданған. Олардың айтуы бойынша, белгісіз адамдар үстелден ұялы телефондары мен қолма-қол ақшаларын алып кеткен. Аталмыш ұрлықтар жарты сағат айырмашылықпен әртүрлі кафелерде жасалды.

Анықталғандай, қаскөй клиентердің сыртқа шығып кеткетін және т.б. қолайлы сәттерді күтіп отырды. Кейін ол үстелде жатқан барлық қымбат заттарды алып кеткен. Бір жағдайда ұялы телефоны қолына ілінсе, екінші рет телефоннан бөлек 35 мың теңге шамасында ақша қаражаты бар айел сөмкесі көзге түсті. Оңай олжаны жүзеге асыру үшін қылмыскерге жарты сағат уақыт жетті. Алайда, ұры ұзаққа кете қоймады, тәртіп сақшылары бұған араласты.

Жедел-іздестіру шаралары оң нәтиже берді: 39 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті мойындау айғақтарын беруде. Сонымен қатар, оның жеке басы басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеріліп жатыр.

Ұрлық фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істер ҚР ҚК 188-бабы бойынша тергеліп жатыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации