Алматы облысында судья қайтыс болды

11 шілде, 13:39

Фото: ғаламтордан

Қапшағай қалалық сотының судьясы Жұматов Жанат Садықұлы 1965 жылы Ақмола облысының Жақсы ауданы Терісаққан ауылында өмірге келген.

Алматы, NEGE. Қаралы хабарды Almaty Oblystyq Soty әлеуметтік желіде жариялады.

Алматы облысы судьялар қауымдастығы атынан әріптесіміз, Қапшағай қалалық сотының судьясы Жұматов Жанат Садықұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған- туысқандары мен отбасына көңіл айтамыз.

Жанат Садықұлы 01 тамыз 1965 жылы Ақмола облысы, Кийминский ауданы (қазіргі- Жақсы ауданы) Терсақан ауылында дүние келген.

1997 жылы Қарағанды Жоғарғы милиция мектебін бітіріп, (қазіргі- ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы) еңбек жолын Алматы қаласының Ішкі істер департаментінде, әр жылдары Қаржы полициясының қатарында қызметтер атқарған.

Судьялық қызметке тағайындалар бұрын Алматы облысының адвокаттар алқасында адвокат болып жұмыс істеген. 21 қыркүйек 2009 жылдан бері Қапшағай қалалық сотында судья қызметінде жұмыс атқарған.

Сот төрлелігін жүргізуде адал қызметі, сот саласына сіңген зор еңбегі жадымызда мәңгі сақталады, делінген хабарламада. Бірақ судьяның неден көз жұмғаны айтылмаған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации