Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 10-ға жетті

04 сәуір, 18:10

Фото: Abai.kz

Бүгін Алматы облысында коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды. Сырқат 1950 жылы туған, зейнеткер. Ол жақын арада шетелде болмаған.

Алматы, NEGE.  3 сәуірде дене қызуы көтеріліп,  басы ауырып, Қарасай ауданы Мерей ауылдық дәрігерлік амбулаториясына медициналық көмекке жүгінген. Науқас қазір Қарасай аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ем алуда. Науқаспен байланыста болған  10 адам ауруханаға жатқызылды.

Еске салсақ, Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 10-ға жетті.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации