Алматы облысында браконьерлер ұсталды

20 наурыз, 15:54

Фото: nege.kz

«Охотзоопром» ӨБ» РМКҚ инспекторлары рейдтік шара барысында заңсыз балық аулаған браконьерлерді құрықтады.

Алматы, NEGE. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Нұрлы поселкесінің маңында УАЗ Хантер маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында тиісті құжатсыз 470 кг балықты анықтады (сазан, ақ амур, көксерке, жыланбас, ақтабан, дөңмаңдай).

Аталмыш факты Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөлімінде СДТБТ-де ҚР Қылмыстық кодексінің 335 бабымен тіркелді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации