Алматы облысынан тағы анықталды

30 наурыз, 14:16

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Алматы облысында тағы 1 азаматтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Алматы, NEGE. Ведомствоның хабарлауынша, коронавирус инфекциясы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының 67 жастағы тұрғынынан анықталған. 29 наурызда ол КВИ белгілерімен Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылған, талдаулар оң нәтиже көрсетіп, азаматтың ауырғанын анықтады. Ер азамат карантин енгізілгенге дейін Алматы қаласында иық буындарының артритіне байланысты ем қабылдаған. Онымен қарым-қатынаста болған екі адам анықталып, олар провизорлық стационарға карантинге жатқызылды.

Атат өтсек, 2020 жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша Алматы облысында КВИ-мен ауырған 7 сырқат тіркелген. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации