Алматы: коронавирустың 24 ошағы анықталды

30 наурыз, 13:45

Фото: almaty.gov.kz

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің мәліметінше, 30 наурызда сағат 12: 00-де Алматы аумағында коронавирус инфекциясының 24 аймағы белгіленген.

Алматы, NEGE. Әуезов ауданында – 4 ошақ мына мекенжайлар бойынша: Жетісу-2 ш/а, 70а; Мамыр-4, ш/а, 313; №6 ш/а, 35; №1 ш/а, 28.

Алатау ауданында – 5 жұқтыру ошағы орналасқан: Заря-Востока ш/а, Сары-ой к-сі, 234; Ақкент ш/а, 7; Ақбұлақ ш/а, 9; Жасыл Желек к-сі, 13; Тойшыбек батыр к-сі, 121.

Алмалы ауданында – 3 жұқтыру ошағы орналасқан: Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7.

Медеу ауданында – 4 ошақ мына мекенжайлары бойынша орналасқан: Гоголь к-сі, 75; Қонаев к-сі, 62; Самал-3 ш/а, 25; Достық, 111/2.

Жетісу ауданында – 3 жұқтыру ошағы: Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; Құлагер ш/а, 45.

Түрксіб ауданында – 2 ошақ тіркелген. Жұлдыз ш/а, 45; Жұлдыз-1 ш/а, 13.

Бостандық ауданында – 2 жұқтыру ошаға мына мекенжайлар бойынша орналасқан: Тұрғыт-Озал к-сі, 242; Навои к-сі, 328.

Наурызбай ауданында – 1 жұқтыру ошағы тіркелген. Береке көшесі 1/97.

Бұған дейін инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты COVID-2019 ошағының 7 аймағынан шектеу шаралары алынып тасталған еді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации