Алматы: Қанша адам және көлік шықты?

21 наурыз, 16:45

Фото: almaty.gov.kz

Қала аумағы бойынша енгізілген карантинге байланысты қаланың барлық кіру және шығу жолдарында 27 блок-бекеттер орналастрылды. Патульдік полиция полкі, Жедел әрекет ету жасағы, Қорғаныс министрілігінің Ұлттық гвардия сарбаздары жұмылдырылған аталған бекеттерде Алматы қаласына кіретін барлық автокөліктерге шектеу қойылды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Алматы қаласы әкімшілік полициясы бастығы айтып берді. Көліктердің қала аумағына, тек қана Алматы қаласында тіркеуде болуы тиіс жағдайда ғана жіті тексеріліп, өткізілуде. Блок-бекеттер жұмысы іске қосылған күннен бастап 28 960 автокөлік, оның ішінде 23 744 жеңіл көлік, 907 шағын автобус, 4309 жүк көліктері және барлығы 59 975 жолаушы қала аумағына кірді. 

Түрлі жағдайларға байланысты және қала тұрғынадары емес болғандықтан 2765 көлік жүргізушілеріне қалаға кіруге рұқсат берілген жоқ.  Алматы облысы аумағына көліктер ешқандай кедергісіз өткізіліп жатыр. Жалпы, Алматы қаласы аумағынан 23 555 көлік, оның ішінде 19392 жеңіл, 746 шағын автобус, 3417 жүк көліктері 50209 жолаушы шықты. 

Қазіргі уақытта аталған блок-бекеттердедің жұмыс барысы тұрақты, көліктер және азаматтар қалыпты тәртіппен өткізіліп, тәртіп сақшылары азаматтармен және көлік жүргізушілерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. 

Түсіндірме жұмыстары дыбыс күшейткіш құралдары арқылы да жүзеге асырылуда. Азаматтар өздерінің жеке қауіпсіздігі жайлы, санитарлық талаптардың сақталуы, жүк көліктерінің блок бекеттер арқылы қандай құжаттармен өткізілуі және жауапкершілігі жайлы, және төтенше жағдай кезінде заң талаптарын бұзған немесе билік өкілдеріне бағынбаған жағдайда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатындықтары туралы, сондай-ақ кез-келген заңға қайшы әрекеттерді хабарлап отырулары үшін кері байланыс бойынша толық ақпараттар алуда. Осы орайда, біз заңға қайшы азаматтарды өткізуге жәрдем беріп жүрген жолаушы тасымалдаушыны ұстадық. Ол азаматтарға 2000 мың теңге берген жағдайда бекеттен өткізуге уәде беріп, алданған азаматтарды бекет маңына әкеліп, із жасырып кетіп отырған. 

Қылмыстық ахуал бойынша

Жалпы қала аумағы бойынша қылмыстық ахуал тұрақты, қылмыс саны біршама азайды.  Бір тәулік ішінде қалада 70 қылмыс тіркеліп, оның 57-сі ізі суымай ашылды.  Қылмыс көрсеткіші 25,5 % төмендеді. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғалары 70%-азайып отыр.  Полиция департаментінің Жедел-басқару орталығының 102 пультіне 1785 қоңырау келіп түсті, оның ішінде, 888 қоңырау бойынша полицияның араласуы керек болса, 897 қоңырау ақпараттық кеңес бойынша келіп түскен қоңыраулар.  Департамаенттің «Call орталығына» 7 мыңнан астам қоңырау шалынып, азаматтар өздеріне керекті ақпаратпен толық алды. 

Оқшауланған карантин аумақтарындағы қоғамдық қауіпсіздік бойынша

Бұйрыққа сәйкес Жедел штабтың полиция қызметкерлері ағымдағы жылдың 19 наурызынан бастап инфекция ошақтары анықталған карантин аумақтарын қоршауға алды. 

Бүгінгі таңда қала бойынша 9 инфекциялық ошақ анықталып отыр. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 64 қызметкер жұмылдырылды.  Әрбір мекен-жай бойынша полиция қызметкерлері мен бірге санитарлық мамандар және әкімдік қызметкерлері жұмыс атқаруда.  Бекеттерде және инфекция ошақтарында қоғамдық тәртіп толығымен сақталды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации