Алматы: қалаға кім кіріп, кім шығады?

18 наурыз, 17:00

Фото: almaty.gov.kz

Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов карантинге байланысты шектеулер жайында айтып берді. 

Алматы, NEGE. «Қалаға келуге және қаладан шығуға тыйым салынды. Бұл – қалада жұмыс істейтін бірақ қала сыртында тұратын тұрғындарға да қатысты. Қазір жұмыс берушілер өз қызметкерлерін ақылы демалысқа және қашықтан жұмыс істеу режиміне жібере бастайды», - деді.

Ол қалаға енгізілетін карантин туралы: "Қала бойынша тұрғындардың және автокөліктердің қозғалысы шектеусіз күйінде қалады. Ол үшін автобус бағыттары мен метрополитен штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Бүгінгі таңда қала ішінде жүретін жолаушылардың саны азайғаны байқалады. Сондықтан біздің қоғамдық көліктердегі қозғалыс интервалы 20%-ға артып отыр" деді. 

«Әуе желілері мен темір жол қатынастарына келер болсақ, қала мен елден тыс жерлерде жүрген барлық алматылықтарға 72 сағаттың ішінде қалаға кіруге рұқсат беріледі. Бұл ереже біздің Алматының тұрғындары мен осы қаладан кеткісі келетін шетел азаматтарына да қатысты», - деді. 

«22 наурыз күні сағат 00.00-де барлық блок-бекеттер қозғалыссыз жабылады. Қала тұрғындары мен оның қонақтарына кептеліспен кезекті болдырмау үшін бұл логистикалық іс-шараға көндігіп, қазірден бастап қолға ала берулерін сұраймыз. 

Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қоғамдық көлік, коммуналдық қызмет жүргізушілері қала аумағына уақытша орналастырылатын болады. Осыған орай, кәсіпорындарға қазірден бастап штаттық құрамды уақытша оңтайландыруды және барлық мәселелерді заңдылық негізінде ретке келтіруді ұсынамыз. 

Тұрғындардың тыныштығын сақтап, мүмкіндігінше үйден шықпауын сұраймыз. Карантин жөніндегі санитарлық-гигиеналық дезинфекциялық өңдеу жөніндегі шараларды жүзеге асыруда және құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірмеңіздер» деді. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации