Алматы: қай базар жабылады?

18 наурыз, 13:57

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Алматыдағы әмбебап базарларындағы азық-түлік базарлары жұмысын жалғастыруда. 

Алматы, NEGE. Қалада, бүгінгі күні, 52 базар тіркелген, оның ішінде, 6 азық-түліктік базары штат режімінде жұмыс істейді. Олар «Жұлдыз», «Барыс-4», «Береке», «Қарасу», «Саудакент», «Ақ-Бұлақ» базарлары.

Сондай-ақ, қаланың әлі де 17 әмбебап базарларындағыазық-түліктік қатарларыжұмыстарын жалғастыруда (азық-түліктікемес қатарлар жабылуда). Олар «Тастақ», «Кәрім», «Ақсай-3», «Арыстан», «Сарыарқа», «Орбита», «Айнабұлақ», «Сәлем», «Верненский», «Көк базар»,  «Таусамалы», «Барлық», «Мехриниса», «Түрксіб», «Керуен», «Алматы-1»,                             «Жетысу-Семиречье» қатарлары.

Бұл ретте, Алматының 29 азық-түліктікемес базарлары карантинге жабылуда. Олар «Арлан», «Кенжехан», «Қазына», «Өжет», «Үш-Қоңыр», «Ақбұлақ», «Алатау», «Еуразия», «Саяхат», «Азия», «Сауран», «Жібек-Жолы», «Тұлпар», «Тигрохауд», «Алатау-1», «Дәстүр», «Олжа», «Юпитер», «Байсат», «Рахат КЗ», «Ялан-2», «Батыр», «Рахат», «Барыс», «Нұрсат», «Ақ-бұлақ», «Бахар», «Үміт», «Алтай» секілді базарлар. 

Алматының Сауда ойын-сауық орталықтарына (СОО), сауда орталықтарына (СО) және сауда үйлеріне (СҮ) келетін болсақ, олардың аумақтарында орналасқан дәріхана бөлімшелерінен, ЕДБ және азық-түлік дүкендерінен басқа барлық 24 СОО, 38 СО және 58 СҮ карантинге жабылды. Сондай-ақ, қалада 3 378 азық-түлік дүкені жұмысын жалғастыруда.
Бұл ретте, 2 263 азық-түлік сатпайтын дүкендер карантинге жабылды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации