Алматы: екі науқас емделіп шықты

03 сәуір, 14:55

Фото: ғаламтордан алынды

3 сәуір күні таңертең Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 91 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 81 науқас емделуде. Олардың бірі - Алматы облысының тұрғыны.

Алматы, NEGE. 68 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жағдайы - ауыр, 11 ересек адамның жағдайы орташа ауыр (олардың біреуі облыстан).

Бүгінгі күні инфекциялық стационардан екі адам жазылып шықты. Екеуі - әйел, біреуі - 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен, екіншісі 22 наурызда Египеттен келген. Барлық шығарылғандар саны - 13, оның ішінде екеуі - бала.
 Провизорлық орталықтарда бүгінде 613 адам карантинде тұр, оның ішінде 79-ы балалар. Екі күндік карантинде 446 адам, үй шаруашылығында - 4411 адам орналастырылған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации