Алматы: дәріханалар алды неге кезек?

18 наурыз, 14:44

Фото: Nege.kz

Алматы қаласындағы дәріханалар штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Бұл туралы қаланың баспасөз орталығында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев хабарлады.

Алматы, NEGE.  Қазір қаладағы дәріханаларда дәрі-дәрмекке қатысты тапшылық жоқ. Дәрі қоры жеткілікті. Қала ішіндегі логистикасы жақсы жолға қойылған 47 дәріхана таңдалып алынып, күн сайын 80 мың дана маска таратылып отыр. Бір кезекті үш қабатты маска 87 теңге тұратын болса, ал көмір филтрлі маскалар 111 теңгеден сатылып отыр. Бұл баға қатаң бақылауға алынған. Егер бұдан қымбатқа сатылатын болса, тиісті шаралар қолданатын боламыз, – деді С.Құрақбайұлы. 

«Осы уақытқа дейін маскаларға қанша қаражат жұмсалды?» деген журналистер сұрағына қала әкімінің орынбасары төмендегідей жауап берді.

Бүгінге дейін мемлекеттік қызметкелер, дәрігерлер, полицейлер қажетті маскаларды өз есебінен сатып алды. Оның толық есебі менде жоқ. Бірақ жалпы нарықты қамтамасыз ету бойынша бюджеттен қаражат жұмсалмайды. Бұл жеке өндірушіден тікелей тұтынушыға дәріханалар арқылы таратылып отыр. Қазір қаладағы дәріханаларға күніне 80 мың дана маска таратылады.Демек, 80 мың дана тарату үшін орта есеппен 8 миллион теңгедей жұмсалады, – деді Сапарбек Тұяқбаев. 

Сонымен бірге қала әкімінің орынбасары карантин кезінде қандай да бір кәсіпкер зиян шегетін болса, оған қосымша қолдау көрсетілетінін жеткізді. Мұндай жағдайда кәсіпкердің кредит төлеу уақыты тоқтатылып, сыйақы беріледі екен. Сондай-ақ Сапарбек Құрақбайұлы қызметкерлердің жаппай жұмыстан босап қалуына, жұмыс орындарының азаюына жол берілмейтінін, бұған қатысты барлық шаралар қолданылатынын жеткізді.

Бірақ дәріханалар алдында ұзын-сонар кезек. Неге?

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации