Алматы COVID-19-бен күресте басқа өңірлермен тәжірибе бөлісті

26 қыркүйек, 20:24

Фото: ғаламтордан

Алматы мамандары өңірлерге COVID-19 жаңа толқынына дайындық қалай өтіп жатқандығы туралы тәжірибесімен бөлісті.

Алматы, NEGE. «Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның алдын алу және онымен күресу бойынша медициналық көмекті жетілдіру» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Аталған семинар медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жаңа серпінге айналды. Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай, «эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауы тиіс. Күрес әлі де жалғасуда. «Мәселе туындаған кезде ғана» қимылдамай, барлығын жан-жақты ойластырып жұмыс істеуіміз керек. Барлық шешімдер мұқият тексерілген болжамдарға негізделуі қажет.» Бұл онлайн-кездесудің мақсаты басқа өңірлермен тәжірибе алмасу болды. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров, ҚР ДСМ Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин, Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев, 15-тен аса жетекші доктор мен COVID-19 індетімен қарсы күресуге бағытталған қызмет басшылары өз тәжірибелерінде ішкі жұмыс тетіктері қалай реттелгенін және қаланың денсаулық сақтау жүйесінің құлдырауына жол бермей, қиыңдықтарға қалайша төтеп беруге болатыны жөнінде айтып берді.

«Қаладағы сырқаттанушылық деңгейі мен қарқындылығын басқару міндетін қоя отырып, денсаулық сақтау жүйесінің барлық буындарының жұмысы біріктірілген болатын. Осылайша, біз болуы мүмкін COVID-19 жаңа толқынына қаланың барлық денсаулық сақтау қызметтерін барынша дайындауды іке асыра алдық» – деді онлайн аудитория алдында Қамалжан Надыров. Алматы пациенттерді емдеуге жатқызудың жаңа тетіктерін ең алғаш енгізіп, пациенттердің жай-күйінің ауырлығын бағалау чек-парақтарын жетілдіргенін атап өту керек. Бұл өз кезегінде емдеуге жатқызу деңгейін қосымша реттеу құралына айналды, қала стационарларын инфекциялық және провизорлық деп бөлуден бас тартып, барлық стационарларды жарақтану деңгейіне және кадрлық әлеуетіне қарай бөлу – эшелондау қағидатын енгізді. Алматыда сонымен қатар, клиникаларды медициналық оттегімен қамтамасыз ету бағдарламасы қабылданып, сәтті іске асырылуда. Семинарда айтылған тағы да бір жалпықалалық бағдарлама бұл – биоқауіпсіздік, яғни медициналық қалдықтарды жою және кәріз ағындарын зарарсыздандыру бойынша стационарларда қолданылатын технологиялар болды. Қалада жаңа бөлімшелер Анестезиология және реаниматология орталығы – реанимациялық пациенттерді емдеу тиімділігін арттыру мақсатында құрылған, ол өз кезегінде сараптамалық бөлімнен және анестезиологтар мен реаниматологтардан құралған мобильдік бригададан тұрады. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации