Алматы бүгін: Карантинге жабылған шаһар (фоторепортаж)

22 наурыз, 12:39

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

22 наурыз түнгі сағат 00:00-де Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары толығымен жабылды. Барлық блок-посттар қатаң күзетіліп, қалаға кіріп-шығатын көліктер тоқтады.

Енді, карантин аяқталғанға дейін ірі екі қаладан ешкім шықпайды, ешкім кірмейді. Әрбір қонағын құшақ жая қарсы алатын Алматының есігі індеттің беті қайтқанға дейін жабық.

22 наурызда қала үлкен дүбірлі тойға дайындалып, азан-қазан болып жататын. Түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылатын қоғамдық орындар жұмысын тоқтатты.

Наурызда жайнап жататын қаланың бос қалғаны көңіл құлазытады. Дегенмен, індеттің бетін қайтару бәрінен де маңызды.

Тұрғындарға жиын-той өткізуге тыйым салынған. 21 наурыздан бастап барлық саябақ жабылды.

Халықтың ендігі міндеті карантин шарттарын толығымен сақтап, үйден шықпай отыру.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации