Алматы: анықтамасыз жүре алмайсыз

30 наурыз, 14:40

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Алматы қаласында карантиндік режимді күшейту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімінің орындалуын бақылау үшін 28 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап полиция Департаментімен, полиция қызметкерлері және Ұлттық ұлан сарбаздары қала көшелерін күзетуді күшейтеді.

Алматы, NEGE.  Осыған байланысты жаяу патрульдеу бағыттары мен патрульдік полиция бригадасы қайта қаралып, топтастырылды.  Қызмет көрсету механизмі жаңартылды. Негізгі назар насихат жұмыстарына бағытталады.  Дегенмен, төтенше жағдай режимін және шектеуді қасақана бұзған жағдайда, құқық бұзушыға қатысты қылмысының ауырлығына байланысты әкімшілік және қылмыстық шаралар қолданылады.  Бұл шаралар ең алдымен қалада короновирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін бағытталған.

Үйден тек азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алу кезінде және медициналық мекемеге жедел бару кезінде ғана шығу ұсынылады. 
Азаматтардың көптеп жиналуына жол берілмейді, егер бұл талаптар ескерілмесе, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 473 бабына (қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын адамдардың заңды талабына бағынбау) сәйкес және 476 бапқа (Төтенше жағдай режимін бұзу) сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады. Көшеде жүрген азаматтарды, соның ішінде үй жануарларын серуендетіп жүргендерді, сондай-ақ, автокөлік құралдарын, бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған қызметті жүзеге асыруға уәкілеттілік берілген кәсіпорындарындардың тізіміне сәйкес жұмыс орнынан анықтаманың болуын тексереді. Бұл рұқсаттар болмаған жағдайда құқық бұзушылар полиция басқармасына жеткізіледі және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Осы мақсатта карантиндік шараларды күшейту үшін қалада жүріс бөлігін тарылту және шектеу белгілерін орнату арқылы 26 пост ұйымдастырылады. Төтенше жағдайдың режимін қасана бұзатын автокөлік иелері ҚР ӘҚбК-нің 785 бабына сәйкес айыппұл тұрағына жөнелтілетін болады. 65 жастан асқан азаматтарға үйден немесе пәтерлерінен шықпау ұсынылады. Көшеде үлкен адамның қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарға ерекше назар аударылады. Егер мұндай кәмелетке толмағандар анықталса, олардың ата-аналары немесе қамқоршылары ҚР ӘҚбК-нің 476 бабына (Төтенше жағдай режимін бұзу) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации