Алматы: 9 індет ошағынан шектеу алынды

31 наурыз, 15:07

Фото: almaty.gov.kz

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тұлғалармен байланыста болған адамдардың арасында инфекцияға тән клиникалық симптомдардың пайда болуы мүмкін мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты 9 індет ошағындағы төмендегі мекенжайлардан шектеу шаралары алынып тасталды:

Алматы, NEGE. * Медеу ауданы – Зенков к-сі, 59; Достық к-сі, 162; Гоголь к-сі, 75;
* Түрксіб ауданы — «Алтай-1» ықшамауданы, 8; «Жас Қанат» ықшамауданы, 86; Майлин к-сі, 77; Спасская к-сі, 63а;
* Жетісу ауданы – Еңлікгүл көшесі, 34а;
* Бостандық ауданы – Тұрғыт Озал көшесі, 242.

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің мәліметтері бойынша, 31 наурыздағы сағат 14:00-дегі жағдай бойынша, қала аумағында коронавирустық инфекция ошағының 27 аймағы бар.

Әуезов ауданында – жұқтыру ошағының 4 аймағы: «Жетісу-2» ықшамауданы, 70а; «Мамыр-4» ықшамауданы, 313; 6 ықшамауданы, 35; 1 ықшамауданы, 28.

Алатау ауданында – «Заря-Восток» ықшамауданы, Сары-ой көшесі, 234; «Ақкент» ықшамауданы, 7; «Ақбұлақ» ықшам ауданы, 9; Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр көшесі, 121 мекен-жайлары бойынша жұқтыру ошағының 5 аймағы.

Алмалы ауданында – Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7 мекенжайы бойынша ошақтың 3 аймағы.

Медеу ауданында – Қонаев көшесі, 62 мекен-жайы бойынша ошақтың 5 аймағы; «Самал-3» ықшамауданы, 25; Достық, 111/2; Достық, 116; Достық, 493.

Жетісу ауданында – Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; «Құлагер» ықшамауданы, 45; Борзов к-сі, 85.

Түрксіб ауданында 2 аймақ ошағы тіркелген: «Жұлдыз», 45; «Жұлдыз-1» ықшамаудандары, 13.

Бостандық ауданында — 3 аймақ: Навои к-сі, 328; Клочков к-сі, 117; Навои к-сі, 310.

Наурызбай ауданында –  1 ошақ, Береке көшесі 1/97 мекен-жайында орналасқан.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации