Алматы: 854 адам ауруханадағы карантинде жатыр

28 наурыз, 14:19

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Қазіргі уақытта Алматыда коронавирус індетін жұқтырған 10 оқиға анықталып, расталды.

Алматы, NEGE. Бүгінгі күнге дейін 58 жағдай тіркелсе, оның екеуі емделіп шықты. Қазіргі уақытта қаладағы жұқпалы аурулар стационарында 56 науқас бар, соның екеуі бала. 

Жаңадан анықталған 10 науқастың бесеуі 27 наурызда Санкт-Петербор – Алматы рейсімен, біреуі 26 наурызда Стамбул – Алматы, ал қалған екеуі Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген. Тағы екеуі індет жұқтырушылармен байланыста болған. 
Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. 

Жалпы, бүгінде ем-дом қабылдап жатқан 51 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Тек бір ересек науқастың жағдайы ауыр бағаланса, төрт емделуші орташа дәрежеде, оның ішінде бала да бар. Провизорлық орталықтарда 854 адам бар, оның 86-сы бала. Үй карантинінде 2037 адам жатыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации