Алматы: 829 адам карантинде жатыр

17 наурыз, 14:40

Фото:

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайын айтты.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, науқастар тиісті ем алуда. Қазір қалада 11 адамнан анықталды. "Ал ауруханада 829 адам, ал үй жағдайында 760 адам карантинде жатыр. Барлық пациенттер бекітілген хаттамаға сәйкес ем алады, вирусқа қарсы және симптоматикалық терапия уақытында басталды. Науқастармен байланыста болған азаматтардың барлығы провизорлық стационарларға 14 күндік карантинге орналастырылды" деді.

Сондай-ақ, ол: "Алматы қаласының әкімдігі барлық азаматтарды, әсіресе, үй карантиндегілерді осы жағдайда өзінің және басқалардың денсаулығы үшін барынша жауапкершілікпен және тілектестікпен қарап, санитарлық-гигиеналық ережелерді ұстануға, ауру белгілері байқалған жағдайда өзін-өзі оқшаулауға шақырады. Үй карантинінде жатқандар оқшаулану мерзіміне шыдаулары керек" деп ескертті.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации