Алматы: 6 науқастың екеуінің жағдайы орташа
15 наурыз, 16:15

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев онлайн-брифинг өткізді.
Алматы, NEGE. "Бүгін тағы 2 адамнан анықталды. 1958 жылы туған әйел Мәскеуден Алматыға келген. 1995 жылы туған ер адам Сеул-Алматы рейсімен келді. Науқастармен жақын болған барлық адам карантинде жатыр. 4 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, екеуі орташа ауыр жағдайда. Қазір 1600-ден астам орынға арналған 7 нысан дайындалған. 704 адам карантинде жатыр" деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.