Алматы: 102 бала карантинде жатыр

30 наурыз, 17:02

Фото: ria.ru

Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 73 жағдайы тіркелді, оның жетеуі сауығып жазылған. 

Алматы, NEGE. Нәтижесінде бүгінгі күні Қалалық жұқпалы аурулар стационарларында COVID-19-дан ем алып жатқан 66 пациент бар. Жаңадан анықталған алты адамның төртеуі байланыста болғандар, бір пациент 19 наурызда Минск – Алматы рейсімен және тағы осы күні Ыстамбул-Алматы рейсімен ұшып келді. 

Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 11 жастағы бала бар, қазір ол Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында әкесімен бірге жатыр. Қазіргі кезде ауырып жатқандардың жағдайы: 58 науқаста – қанағаттанарлық, 1 ересек науқаста – ауыр, 6 ересек адамда орташа ауырлықта және 1 балада орташа ауырлықта, жақсаруда.

Провизорлық орталықтарда 1046 адам бар, оның ішінде 102-і – бала. Алматыдағы провизорлық орталықтар саны алтыға дейін көбейгенін атап өту қажет. Бұған дейін 4 орталық болды. Карантиндік оқшаулау үшін 3 шипажай және бір жатақхана бөлінді.

Қазір 419 азамат карантиндік оқшаулауда жатыр. Бұл шетелден келген адамдар.  Олардың барлығы қай елден келгеніне қарамастан, екі күндік карантинге орналастырылуда. Келгеннен кейін олардан COVID-19-ға талдаулар алынуда. Нәтиже теріс болған жағдайда оларды үйлеріне жіберуде.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации