Әлеуметтік төлемді жүргізу тәртібі

08 сәуір, 14:53

Фото: inform.kz

 Алматыда төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларының Төтенше жағдай кезеңінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны және еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру тәртібінің ерекшеліктерін түсіндірді. 

Алматы, NEGE. Төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсету «Электрондық үкімет» веб-порталындағы «Электрондық өтініш» сервисі арқылы электрондық өтініш негізінде жүзеге асырылады, сондықтанда медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне барудың қажеті жоқ, мемлекеттік қызмет сырттай жүргізіледі.

Төтенше жағдай кезеңінде осы  «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібінің ерекшеліктерін нақтырақ айтсақ, мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін және немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын белгілеуді МӘС бөлімдері «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес куәландырылатын адамды мүгедектік белгіленген күннен бастап алты ай ішінде бақылап тексеріп, бір жылдан аспайтын мерзімге сырттай жүргізеді.
 
Қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын мерзім ішінде және төтенше жағдай уақытында келген адамдарға мүгедектіктің, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімдері төтенше жағдай орын алған кезеңде автоматты түрде ұзартылады.
 Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем алушылар болып табылатын адамдарға төтенше жағдай кезеңінде төлемдер бұдан бұрын белгіленген мүгедектік тобына және (немесе) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне сәйкес төтенше жағдай режимі аяқталған айды қоса алғанға дейін төленеді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации