Алдағы үш тәулікте боран соғып, күн суытады

04 наурыз, 17:43

Фото: ғаламтордан

Синоптиктер алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Алматы. NEGE. Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады

«Қазақстан арқылы өтетін арктикалық суық фронттардың ықпалынан қар мен боран болады, республиканың солтүстік бөлігінде күшті солтүстік-батыс желі соғады. Оңтүстік және шығыс облыстарда циклон Орталық Азия аудандарынан ығысады, оңтүстіктен жылы және ылғалды ауа мен солтүстіктен суық ауаның араласуынан жауын-шашын, арты қарға ұласады. Кей жерлерде көктайғақ, екпінді күшті жел, шығыста бұрқасын болады», - дейді «Қазгидромет» өкілдері.

Тек батыс облыстарда ғана Қара теңізден жылы ауа массасының таралуымен температура жоғарылайды. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации