Алаяқтық ойындардан алғаш рет ақша қайтарылып алынды

20 ақпан, 17:30

Фото: karikatura.ua

Қостанай облысында алғаш рет «Қазан» немесе «Қара касса» деген атпен белгілі алаяқтық ойынына қатысып, зардап шеккен адамдардан құқық қорғау органдарына арыз-шағымдар түскен.

Алматы, NEGE. Полицияның айтуынша, алаяқтарға алданғандардан үш шағым тіркелген. Олардың бірі жасөспірім қыз. Ол ойыннан қаржы пирамидасының белгілері бар екенін байқап, содан кейін 14 300 теңге көлеміндегі ақшасын қайтарып алуға шешім қабылдайды.

Ойынға тартылған тағы екі адамнан ойын ойнатушылар төлем карточкасына ақша аударуды сұраған, содан кейін жәбірленушілер автоматты түрде алаяқтық «Қазан» ойынының қатысушыларына айналып шыға келген. Бұл жағдай оларды полицияға келіп арыз жазуға итермелейді. Қазіргі уақытта үш істің екеуінде зардап шеккен адамдар аударылған ақшаларын қайтарып алғаны белгілі болды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации