Алаяқтарға 200 мың теңгеден астам ақша аударған

03 наурыз, 16:16

Фото: ғаламтордан

Өскемен қаласының кәсіпкері ірі мөлшерде ұтысқа ие болғанына сеніп, алаяқтарға 200 мың теңгеден астам қаржы аударған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы. NEGE. «Вайбер» мессенджеріне бизнесмен аккаунтына 4700 доллар сомасында ақшалай қаражатты жеңіп алғаны туралы хабар келді. Ұтып алған қаражаттың транзакциясын жүзеге асыру үшін белгілі бір шотқа 200 мың теңге ақша аудару талап етілді.

Жәбірленуші жақын жердегі сауда үйінен төлем терминалы арқылы ақшаны аударып жіберген. Тұрғынның сенім артқанын пайдаланған алаяқ, оңай олжаға кенелу мақсатын жүзеге асырды. Сондай-ақ, киберқылмыстың құрбаны болған азаматша облыс орталығындағы емханалардың бірінің дәрігері.

Оның ұялы телефонына белгісіз тұлғалар қоңырау шалып, оның банктік шотынан транзакция жасауға тырысатып жатқандығын хабарлады. Заңсыз жалған сауалнама жүргізіп, алаяқтар әйелден онлайн-банкингке қол жеткізу үшін барлық мәліметтерді алып, шотынан 400 мың теңге сомасындағы барлық жинақтарын жымқырған. Екі факті бойынша қылмыстарды ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай қылмыстар көбінесе шет елден жасалады, олардың ашылуы өте күрделі және ұзақ уақытты алады.

Тәртіп сақшылары азаматтарды қырағы болуға шақырады. Күмәнді хабарламаларға сенбей, жеке деректер мен мобильді банкингке қол жеткізу жөніндегі деректерді ешкімге бермеуді сұрайды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации