Райымқұлова қаржы пирамидасын жарнамалаған жұлдыздар жайлы пікір білдірді

25 ақпан, 10:20

Фото: ғаламтордан

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халықты алдаған қаржы пирамидаларын жарнамалаған эстрада және спорт жұлдыздарының әрекетіне қатысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. «Гарант 24 Ломбард», «ЕЅТАТЕ Ломбард» атты компаниялар салымшыларының санын арттыру үшін жарнамаға «жұлдыздарды» тартқан. 

«Әрбір адамның құқығы бар. Сонымен қатар заңды да бұзуға болмайды. Сондықтан құқық қорғау органдары мәселенің мән-жайны анықтар деген ойдамын. Өзімнің көзқарасым: қандай істермен қандай шаруамен шұғылдануға қатысты әр адамның өз құқығы бар. Бұл дұрыс емес. Өйткені ол кісілерге деген қоғамның үлкен жауапкершілігі, сүйіспеншілігі бар. Сондықтан осындай нәрселерге аса назар аударып, абай болу керек», - деді Ақтоты Райымқұлова тілшілерге Үкімет отырысынан кейін.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации