Ақтөбе: ТЖ кезінде той жасаған 2 дерек тіркелді

01 сәуір, 09:28

Фото: sputniknews.kz

Елде төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан Ақтөбеде үйлену тойын өткізгендер анықталды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің өкілі Ерболат Сарқұлов айтты. 

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, облыс бойынша 74 ережебұзушылық анықталған. "Ереже бұзатындардың көбі түнгі 22.00-ден кейін жұмыс істеп жатқан кафе мен дүкендердің иесі. Оған қоса, олар маска тақпайды, адам көп жиналатын іс-шаралар ұйымдастырады. Тыйым салынғанына қарамастан үйлену тойын өткізгендер анықталды. Бұл Қарғалы ауылында болған. Мейрамхана иесіне 26 500 теңге айыппұл салынды", - деді Сарқұлов.

Полиция өкілі мұндай жағдайдың осымен екінші рет тіркелгенін айтады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации